АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ
Рөлдерде
- Қанат (оқушы) - Нұрлыбек Әбдірасулұлы ТӨЛЕГЕН Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ Нұрбек Кәдіржанұлы ӘДІЛБЕК
- Гүлзат (жас мұғалім) - Мәдина МАЙ Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
- Қайыржан (оқушы) - Ербол Есенұлы ТІЛЕУКЕНОВ Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН
- Айтгүл (оқушы, староста) - Айман ЕСЕНҚЫЗЫ
- Сайра (оқушы) - Наурыз Сабағатқызы САБАҒАТОВА
- Жасболат(оқушы) - Ербол Есенұлы ТІЛЕУКЕНОВ Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН
- Еділ (оқушы) - Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ
- Ержан (оқушы) - Нұрлыбек Әбдірасулұлы ТӨЛЕГЕН Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ
- Айбол(ересек жігіт) - Әділ Ералыұлы АХМЕТОВ Бекжан Нұрсұлтанұлы КЕРІМБАЕВ
- Батыр (жас жігіт) - Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ Елдос Сабиялыұлы ШАЙКЕНОВ
- Ырымтай Құлжабайұлы (мектеп басшысы) - Жандәулет БАТАЙ
- Катя (Гүлзаттың сіңілі) - Диана Серікқызы СМАҒҰЛОВА Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
Сипаттама
Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.