ЛИФТ

ЛИФТ

психологиялық драма

Сипаттама

Біздің заманда адамның құны қанша тұрады? Түбі қайдан шыққанын білмейтін «тексіздер армиясын» ұлғайтып жатқандар кімдер?..

Бүгінгі қоғамның ең үлкен һәм аса қатерлі дерті – жетім бала, тастанды ұрпақ пен тамыр тексізденуінің негізгі түйткілдеріне психологиялық тұрғыдан терең талдау жасайтын қойылым, көрермен көкейіндегі кезек қүттірмейтін осындай өзекті мәселелерге жауап іздейді. Өмірдің ащы ақиқатын өнер арқылы жас ұрпақ санасына сіңіруге талпынады.

 

«...Міне, Сіздерге бомба!.. Бізге атом бомбасын тастап әуреге түсудің қажеті жоқ. Біз өзімізге-өзіміз ұзақ мезгілдік, түп-тамырды жоятын бомба тастап жатырмыз! «Мәңгүрттену бомбасы»?!! Айтыңыздаршы, мәңгүрттенген қоғамда кімді соттауымыз керек?!.» 

Жақын арада: