ШЫРАҚ ЖАНҒАН ТҮН

ШЫРАҚ ЖАНҒАН ТҮН

лирикалық драма

Сипаттама

Жас отбасының басында күтпеген оқиға болды. Бас кейіпкер Сағын жұмысында жеткен жетістігін тойлап жүріп, қарбаласта жары Нұргүлдің туған күні есінен шығып кетеді. Онымен қоса, оның адалдығына күмән келтіріп, көңіліне кірбің түсіреді. Жолдасына ренжіген жас келіншек ойда жоқта Таңат есімді бозбаламен кездесіп, арты ертегідей бір әсем кешке ұласады. Тазалық пен сұлулықты өмірлік серік еткен Таңаттың мөлдір ойы арқылы оқиға өрбіп, соңында, махаббат дейтін киелі ұғым өз биігінде салтанат кұрады.

Өмірімізден маңызды бөлшегі – отбасылық сыйластықты қалай сақтап қалмақ керек? Сенім мен күдік тайталасқа түскенде, тура жолды қалай таппақ керек? Қойылым күлдіре отырып, көрерменін мәңгілік құндылықтардың қадірін түсініп, бағалауға шақырады.

Жақын арада: