ТЫРАУ-ТЫРАУ, ТЫРНАЛАР...

ТЫРАУ-ТЫРАУ, ТЫРНАЛАР...

драма

Сипаттама

...Олар – сұрапыл соғыс балалығын ұрлаған жаралы гүлдер. Олар жылайды, қабырғасы қайыса қайғырады, бірақ бір сәтке де арманынан алыстаған емес. Тыраулап ұшқан тырналар легіне үн қатады, арман-тілегін жолдайды, келешекке зор үмітпен көз тігеді. Бас кейіпкер Бахыт бастаған жас жеткіншектердің халық басына қара бұлт үйірілген қысылтаяң шақтағы арман мен үмітке толы ішкі психологиялық күйін жіті сараптаған драма, сұрапыл соғыс балалығын жалмаған буынның боямасыз күйін бүкпесіз баян етеді.

Марапаттар: 

  • XXIIІ Республикалық драма театрлар фестивалі (Өскемен, 2015)

 «Жоғары деңгейлі шығармашылық үйлесім»

Жақын арада: