Ақжол Нұрмұхаметұлы ӘЛИЖАН

  • актер

Жетістіктер

  • Алматы қаласы Грек рим күресі «Ляззат Ассанованы еске алу» турнирінің І-ші орын жүлдегері;
  • Талдықорған қаласы «Дельфинарий» ән байқауының ІІ-ші орын жүлдегері;

Өмірбаян

1998 жылы 8-ші шілде айында Алматы обл. Панфилов ауданы. Жаркент қаласы Ақжазық ауылында дүниеге келді.

2016-2020 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық театр әртісі» бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Альбин (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Дастан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Ақпан айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);

Кино

2019 ж. «Жат туыстар» - Асқардың досы (режиссері - С.Утепбергенов)

2019 ж. «Інжу» телесериал - Диастың бауыры (режиссері - А.Сухоногин)