Алтынай НҰРБЕК

  • актриса

Жетістіктер

  • 2019 ж. «Шапағат» медалінің иегері;
  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атынан «Алғыс хат»;

Өмірбаян

9 қыркүйек 1986 ж. Қытай Халық Республикасы, ШҰАР, Манас ауданы, Бауджиядең ауылында дүниеге келді.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында оқып, «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2012-2014 ж.ж. Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер универсиетінде «Вокал» мамандығы бойынша профессор Қанат Омарбаев шеберханасында магистратура оқып, 2013-2014 ж.ж. аралығында ҚХР Шанхай консерваториясында білімін шыңдап қайтты.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Мария (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Милат (Қожаның анасы)  (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Бақа (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Марианна (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Тауыс (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Топыш (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Ұрқия (Сарықыздың анасы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ - Сана  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Хадиша (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);