Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ

  • актер

Жетістіктер

  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновтың атынан «Алғыс хат»;
  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атынан «Алғыс хат»;

Өмірбаян

2 шілде 1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Сұлтан (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қанат, Ержан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Бүркіт (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Балташ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Клитандр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Қазыбай (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені...» /мелодрама/ – Жігіт (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Қасымбек «Лифт»/психологиялық драма/ – Айдауыл (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Лама Доржы, Ойрат елшісі (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Жасауыл (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ - Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Қошқар (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Арыстан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Қар қызы» / романтикалық драма/ - Аманжан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Ұлы сиқыршы мысық (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - Лайыт (Лаэрт) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Қаспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Желтоқсан айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);

Кино

2016 ж. «Прищельцы в ауле» – Лейтенант Сексенбаев (режиссері – Б.Алимбаев);

2017 ж. «Ән-аға» – Асанәлі Әшімов (режиссері – Ж.Пошанов);

2017 ж. «Teleport» – Мұрат (режиссері – Қ.Мұстафин);