Ербол Есенұлы ТІЛЕУКЕНОВ

  • актер

Жетістіктер

  • 2018 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;

Өмірбаян

7 наурыз 1984 ж. Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Еңбекшілер ауылында дүниеге келді.

2003-2006 ж.ж. Ақан сері атындағы Мәдениет колледжінде «Драма театр артисі» мамандығын алған.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында оқып, «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Риф (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян»/мюзикл/ – Қозы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Транио (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Дәрігер, даяшы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Жәміл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Таңат (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Бала (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Ханзада, Падэтруа (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ!» – Қарақшы (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Фазуллин /ертегі/ «Үй таңдаған лақ» – Қозы (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан » /ертегі/– Түлкішек (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

С.Қасымбек «Наурыз Ару» /ертегі/ – Құмырсқа (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қайыржан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Патша (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Қасым (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Любен (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Апачи (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Жақай (Бұхар) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, О.Бөкей, Р.Мұқанова «Ғасырдан да ұзақ...» /триптих/ - Сәбитжан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Қар қызы» / романтикалық драма/ - Бақытжан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Ербол  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Баспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Кино

2016 ж. «Прищельцы в ауле» – Марат (режиссері – Б.Алимбаев);

2017 ж. «Бір келіншек» – Талғат (режиссері – А.Ташев);