Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА

  • актриса

Жетістіктер

  • 2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалі «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» ;
  • 2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан «Алғыс хат»;
  • 2020 ж. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі атынан «Құрмет» грамотасы;

Өмірбаян

1994 жылдың 3 тамызында Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Өскен жері: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылы.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Моцарттың қарындасы (режиссері –Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Тышқан ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» – Катя /комедия/ (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Құлпынай (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері );

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Жанар (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ - Сана (бойжеткен)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Құлыншақ (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Г.Х.Андерсен  «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Герда (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Фружи (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Кино

2014 ж. «Әр үйдің сыры басқа» телехикаясы – Құралай.


Дубляж:

«Перизаттар» мультсериалы