Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ

  • актер

Жетістіктер

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;

2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Өмірбаян

1994 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында дүниеге келген.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі» (мюзикл) мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Базарбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Ересь (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Дәулет (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Астраханцев «Достық пен Қулық» /ертегі/ – Аю (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Еділ (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Қытай елшісі (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Ұйқым келмейді...» /музыкалық моноспектакль/ - Кахон (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Жасөспірім /кіші ханзада/ (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Мастино (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері);

Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Бөлтірік (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Г.Х.Андерсен  «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Кай (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Балпық (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Шома (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Қойбек  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Оспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Тұрсынбек (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Елші, Қазақ айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);

Кино

 Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:

«Аладдина» – Аладдин рөлін дыбыстаушы;