Нұрлыбек Әбдірасулұлы ТӨЛЕГЕН

  • актер

Жетістіктер

  • 2017 ж. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан «Алғыс хат»;
  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан «Алғыс хат»;
  • 2019 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;

Өмірбаян

12 шілде 1987 ж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді.

2005-2006 ж.ж. Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында актер.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрындағы рөлдері:

Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» – Леандр;

Ю.Алесин «Золушка» – Ханзада.

 

Театрдағы рольдері: 

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Добчинский (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ - Гортензио  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Сұлтан (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Смағұл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/– Бернардо, Чино (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Боб, даяшы, дәрігер (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Файзуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ!» /ертегі/ – Қазыбай (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Қасқыр (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Ханзада, Падэтруа (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қанат (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Бүркіт (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Ботахан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ - Шеге (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Баттал (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Көтібар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Кино

2017 ж. «Бір келіншек» – Алмат (режиссері – А.Ташев);