Гани Абдуалиулы КУЛЖАНОВ
актер, лауреат премии Союза Молодежи Казахстана, Заслуженный деятель Республики Казахстан.
Өмірбаяны
1965 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келді.
1980-1984 жылдары Қызылорда музыкалық училищенің Куатов Бекайдар Бекетұлының «Контрабас» класында білім алды.
1987 жылы Алматы Мемлекеттік «Театр және Кино» институтына КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекова және Қазақстанның халық әртісі, профессор Тілектес Мейрамовтың классына қабылданды.
1990 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында ең алғаш М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымындағы Айбар ролін сомдаған. Сонымен қатар, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Гортензио, Ж.Аймауытовың «Ақбілегінде» – Мұсабай, Ә.Кекілбаевың «Абылай ханында» – Әбілмансұр, Г.Гауптманның, «Ымырттағы махаббат» спектаклінде – Э.Кламрот, Қ.Ысқақов пен Шахимарденнің «Қазақтарында» – Қасымхан, Д.Исабековтың «Әпкесінде» – Омар, Қ. Аширдың «Қабыл – Адам Ата перзенті» спектаклінде – Абыл бейнелерін сомдады.
1998 жылы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Құмар ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды.
«Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» телехикаяларындағы – Джохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.
Ғани Құлжанов – «Азия дауысы», «Жас қанат», «Жұлдыздар құттықтайды» т.б.үлкен байқаулар мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі ретінде де көпшілік көрерменге кеңінен танымал.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап, Астана қаласының әкімдігінің және Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының шақыруымен театрға актер болып, қабылданды. Сол жылы Астана қаласында жаңадан құрылған Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалып, өте іскер, талапшыл басшы ретінде танылды. Ғ.Құлжановтың тынымсыз, қажырлы еңбегінің арқасында аз ғана уақыт ішінде драма және қуыршақ театрларының труппасы қалыптасып, 2007 жылдың 5 шілдесінде жас ұжым шымылдығын ашып та үлгерді. Қай жұмысты да тындырыммен атқаратын өнер иесі, бір жылдың ішінде еліміздің жеті бірдей облысында гастрольдік сапар ұйымдастырып, жаңа театрдың көпшілікке танылуына тікелей себепкер болды. 2013 жылдың қыркүйек айына дейінгі директорлық қызметінде Жастар театрының жеткен әрбір жетістігі – Ғ.Құлжановтың елеулі еңбегі екені сөзсіз.
2013 жылдан бастап жеке шығармашылығына көңіл бөлу мақсатында директорлық міндетінен бас тартып, Жастар театры сахнасына актер болып қайта оралды.
Театрдағы рольдер
«Ақымақ болған басым-ай...»
«Нартәуекел»
«Жасауыл»
«Қар қызы»
«Қарыз бен Қаспақ»
«Ғашықтар»
«...Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!»
«Шырақ»
Фильмдегі рольдер
«Дорога Домой»
1988ж – «Дорога Домой» /Қырғызфильм«Голубиный звонарь»
1993ж – «Голубиный звонарь» х/ф«Тоғысқан тағдырлар»
1996-2003 жж – «Тоғысқан тағдырлар» - Джохангир /Галым Ахметов/«Саранча»
2001 – 2003 жж - «Саранча» - Диас«Молитва Лейлы»
2002ж – «Молитва Лейлы» - Құмар«Дневной Дозор»
2005ж – «Дневной Дозор» - Электрик«Жаным»
2010ж – «Жаным» - Нұрлан Абенов«Возвращение»
2011ж – «Возвращение»«Жас Улан»
2012ж – «Жас Ұлан» – 4 ротаның командирі«Пилоты»
2013ж – «Пилоты»«Заговор оберона»
2014ж – «Заговор оберона»«Махаббатым жүрегімде»
2014ж – «Махаббатым жүрегімде» - Қуат Бекетович«Честь офицера»
2014ж – «Честь офицера» – коммерсант«Аманат»
2015ж – «Аманат» х/ф –Сүлейменов профессор«Несломленный»
2015ж – «Несломленный» – ДосТак сложились звезды
2016ж – Так сложились звезды – Самат /Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі/«Жараланған жүректер»
2017ж – «Жараланған жүректер» – МансұрЛюбовь. Надежда. Астана.
2018ж – Любовь. Надежда. Астана.«Шестой пост»
2018ж – «Шестой пост» – Генерал Қыстаубаев«Той любой ценой»
2018ж – «Той любой ценой» – Марат«Ең сұлу»
2018ж – «Ең сұлу»Отыңды өшірме
2018ж – Отыңды өшірме – Садық«Досье тамады»
2019ж – «Досье тамады»«Отыңды өшірме»
2020ж – «Отыңды өшірме»«Бакталас»
2020ж – «Бакталас»«Каскадеры»
2020ж – «Каскадеры»«Симптомы»
2020ж – «Симптомы» – Асқаров Арлан«Последняя надежда»
2020ж – «Последняя надежда» Poslednyaya nadezhda, сериал«Возмездие»
2022ж – «Возмездие» (Жаза) - Мұхтар«Солай болып қалды»
2023ж – «Солай болып қалды»«Asau»
2024ж – «Asau» - Әділ«Солай болып қалды»
2024ж – «Солай болып қалды» - Тимур Дулатов«Сен маған керексің»
2024ж – «Сен маған керексің»Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты;
2015Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
2016«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері
2018ҚР Ұлттық ұланы «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісінің иегері
2023«Құрмет» орденінің иегері