Театр әдебі

1. Спектакльге билет сатып алумен көрермен театрдың негізгі ережелерін бұзбауға, этикалық нормаларды және театр ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтауға келіседі. Билет сатып аларда, касса қасында ілініп тұрған зал схемасын жақсылап қарап алып, өзіңізге ыңгайлы орынды таңдаңыз. Спектакльді ауыстыру немесе кейінге қалдыру жағдайда, сол билетпен басқа спектакльге келуге болады. Спектакльді ауыстыру немесе кейінге қалдыру туралы ақпаратты театр кассаларында, ресми сайтында, немесе 8(7172)38-01-08 телефоны арқылы білуге болады.

2. Көрермендер Театр ғимаратының мүлігіне зиян келтірмей, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек; театр қызметшілеріне және басқа көрермендерге төзімділікпен қарап, байланысқа бейімді болу керек.

3. Театр әкімшілігі дресс-кодты қатаң сақтауды талап етпейді, дегенмен біз қонақтарымызды сәнді, салтанатты түрде көргіміз келеді.

4. Спектакльге кешікпей келуіңізді өтінеміз. Спектакльге әрқашан көп адамдар дайындалады: актерлер, музыканттар, сахна дайындаушылар және жарық берушілер. Олардың бәрі спектакльді уақытында бастап, сіздің уақытыңызды бөгемеу үшін көп дайындық өткізеді. Және уақытында келген басқа көрермендерді де сыйлау керек.

5. Театрға кірген соң сырт киіміңізді гардеробқа еркін өткізіңіз.

6. Сіздің орныңыз қатардың ортасында болса, отырған адамдарды мазаламау үшін ертерек келіп тиесілі орныңызды алыңыз. Кешігіп келген жағдайда, өз орнына отырған көрерменге жүзіңізді беріп өтуіңіз, ақырын дауыспен немесе басыңызды изеп кешірім сұрау сіздің сыпайылығыңызды байқатады.

7. Егер Сіздің орныңыз бос болмаса, отырған көрерменге билетіңізді көрсетіп, орныңызды босатуды сұраңыз. Егер бір қателік шығып, бір орынға екі билет жазылса, театр әкімшілігіне хабарласқан жөн, олар пайда болған мәселені шешуге міндетті. Басқа адамның орнын алу әдепсіз екенін естен шығармаңыз.

8. Үшінші қоңырауды тоспай залға ертерек кіре беріңіз.

9. Орныңызға отырғанда шынтақ сүйеніштің екеуін де бірге қолданбаңыз. Көрермен залында бас түйістіріп отыруға болмайды, бұл арттағы көрерменге қойылымды тамашалауға кедергі келтіреді.

10. Залға азық түлік, су мен басқа ішімдіктерді кіргізуге болмайды. Және алкогольді мас күйде, кір немесе жағажайға арналған киіммен кіруге болмайды.

11. Спетакль кезінде тыныштық сақтау – ең негізгі ереже болып табылады. Спектакль кезінде сыбырласуға, аяқты тырпылдатуға болмайды, өйткені ондай әрекет көрермендер мен актерлерді алаңдатады. Ережелерді бұзған жағдайда театр әкімшігі сізді театрдан кетуіңізді сұрауға кұқығы бар.

12. Ұялы телефондарды қойылым басталмай өшіріп немесе дыбыссыз режимге қойған жөн. Қойылым кезінде дирекция рұқсатынсыз аудио-видео жазылымдар жасауға, суретке түсіруге болмайды.

13. Қойылым кезінде залдан кетіп қалу көрерменнің мәдениеті төмен екенін айқын көрсетеді. Қойылым көңілінізден шықпаса да, үзілісті күтіп, содан соң бірақ залдан шығыңыз. Әрине, қойылым қызықсыз болса да, қойылым кезінде ұйықтауға рұқсат етілмейді.

14. Спектакль кезінде артық ләззат көрсету сондай-ақ жаман мәнер болып есептеледі. Қол шапалақтау – көрермендердің алғыс білдіруі, ал ысқыру, айғайлау және аяқ топырлату театрда орынсыз. Қойылым аяқталған кейін жағымды эмоцияларыңызды жасырмауға болады.

15. Егер суық тиіп қалған жағдайда театрға келесі кезде келіңіз. Себебі, қатты жөтел тек көрерменге ғана емес, сахнадағы актерларға да кедергі келтіретіні белгілі. Егер өзіңізді кенеттен жаман сезінсеңіз, залдан ақырын шығуға тырысыңыз.

16. Кешкі қойылымдарға 6 жасқа дейінгі балаларға кіруге болмайды.



                Көрермендерге тыйым салынады:

-        театр ғимаратының барлық бөлмелерінде темекі шегуге;

-        театрдың бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған орындарға кіруге;

-        театрдың қойылым кезінде адам өтетін жерлерде және баспалдақта тұру немесе отыру;

-        жазба түсіру, театр әкімшілігі ойластырмаған хабарландыруды жабыстыру, бөтен ақпараттық өнімдер мен плакаттар жабыстыру;

-        нәсілдік, әлеуметтік, ұлттық және діни өшпенділікті қоздыртатын символиканы көрсету;

-        театр ғимаратына қару; жаңғыш, жарылғыш, улы, иісі аңқыған және радиоактивті заттарды; тікенек пен тілгіш заттарды; пиротехника, ірі габаритті сөмкелер мен оралған заттарды; жануарларды кіргізуге.



Театр әкімшілігі белгіленген ережелерді сақтамайтын, қоғамдық тәртіпті бұзатын, көрермендердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тұлғаларды театрдан шығарып жіберуіге қақылы. Құқық бұзушылықтың сипатына қарай театр әкімшілігі ескертумен шектеліп немесе бұзушыны полицияның қолына тиісті шаралар қабылдауға беріледі.

Сіз театрға ляззат алу үшін барсаңыз, барлық аталған ережелер өздері ақ сақталады. Біз өзара түсіністік пен құрметке үміттенеміз.

Сізді біздің театрымызда қөруге әрқашан қуаныштымыз!