Поделиться в соц. сетях

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА ПРЕМЬЕРА

ШЫҢҒЫС Айтматов "АҚ КЕМЕ" /әфсана/. 

7-8 ЖЕЛТОҚСАН. 

Қоюшы режиссері - ШЫҢҒЫС ЖАҚЫПБАЙ.

Адам туады, өледі, бірақ мәңгі бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар... 
Ол – сенім...
Ол – сағыныш... 
Күн шықса шетсіз-шексіз көкжиектерге қырағы қиялымен көз салып, кеш батса айдын-көлдің дидарына ақ кемесін қондырып, ақ қанат арманын асау толқындар арасынан күткен періште көңіл сәбидің санасындағы сан алуан арпалыстың түбі айналып келіп ұрпақ жалғастығы яки ұлт ертеңі деген ұлы мұратпен астасатыны аңызға бергісіз әфсананың астарында шебер шендестірілген.

2024-12-04