Поделиться в соц. сетях

ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!

Еліміз үшін маңызды оқиғалар ортасынан табылып, үнемі өз үнін қосып келе жатқан елорданың төл перзенті – Астана қаласы әкімдігінің «ЖАСТАР ТЕАТРЫ» ұжымы Тәуелсіз мемлекетіміздің кемелденуіне ықпал етер игі бастамалардың әр кез басы-қасынан табылып келеді. Жаңа маусымда өнер ұжымы қанжығаларына екі бірдей жеңісті иеленгенін қуана хабарлаймыз!

2024 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында Ж.Аймаутов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында өткен Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалінде Ж.Әлікеннің «Күйеу бала» қойылымымен (қоюшы режиссері - Даурен Сергазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері) театрымыз ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ШЕШІМ номинациясымен және БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды.

Тәрбиеге тал бесіктен қамданған қазақ үшін ұлт мұраты мен ұрпақ бақыты қашан да қатар өрілген. Тамырдағы тектілік пен қандағы тазалықты тәрбиенің негізгі болмысы санаған.

Ал «ұлттың ұстыны – ұл, келшегі – қыз» деп барын да, бағын да ұрпағымен байланыстырған сол елдің ертеңі жаһандану жағдайына бейімделіп, құндылықтары құрдымға кетсе, оған кім кінәлі? Қаракөзін қарындасым деп елжіреп, жақынын жатқа қимас қазақтың бүгінгі тәрбиесінде не өзгерді? Бақытын басқа ұлттан іздеген қазақ қызының таным мен таңдауындағы алшақтықтың себебі неде? Шектен тыс еркіндік ертең опық жегізбесіне кім кім кепіл?

Күйеу баласын күтіп, күпті болған көңілдің беймаза күйін баяндайтын қойылымның көрерменіне ғана емес, тұтас қазақ қоғамына ой саларлық айтары мол.

 

Қойылым режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ДАУРЕН СЕРГАЗИН.                                                  

                                                 

 

Байланыс номері:         +7 775 278 2305

 

 

2024-10-21