Поделиться в соц. сетях

ТЕАТР ӘЛЕМІНДЕГІ ТАРИХИ СӘТ!!!

«Жастар» театрының негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және бас режиссері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ араға жарты ғасырға жуық уақыт салып сахнаға актер ретінде оралады!

Қазақ театр өнерінде айтулы тарихи оқиға орын алғалы тұр. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер және ұстаз Нұрқанат Жақыпбай 1978 жылдан бері алғаш рет сахнаға актер ретінде қайта шығады.

Бұл айтулы мәдени шара Талдықорған қаласында өтетін «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі аясында жүзеге аспақ. «Жастар» театры фестиваль бағдарламасына сәйкес, С. Раевтың «Жұмаққа қарай ұзақ жол» (әфсана) қойылымын ұсынады.

Ұлы ұстаз өзі негізін қалаған театрдың актерлік труппасымен, өзі тәрбиелеген шәкірттерімен бірге иық тіресе өнер көрсетіп, көрермен қауымға бірегей сахналық бейне ұсынбақ.

Қойылымның көрсетілім кестесі:
📅 Күні: 29 мамыр
🕙 Уақыты: 10:00
📍Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Б. Римова атындағы академиялық драма театры
🎬 Қоюшы режиссер: Нұрқанат Жақыпбай

2026-05-27