К. Жунусов «АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ»
Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 40 мин.
Қоюшы режиссер –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дәурен СЕРҒАЗИН
Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.
Билет сатып алу
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Марапаттар жоқ