Т.Ахметжан «ТАПТЫМ. ҒАШЫҚ БОЛДЫМ. ЖОҒАЛТТЫМ.»
Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 15 мин.
Қоюшы режиссер –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ
Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен.
Иә, махаббат бар жерде қарсылық қатар жүреді. Қайшылықпен бетпе-бет келгенде, сезімнің де, өнердің де ішкі қарсылық қалыптастырары сөзсіз. Махаббат қолжетімсіз болған сайын, оған деген ессіз құштарлықтың өрши түсері – өмір заңдылығы. Міне, осы шарасыздықтың шыңында ұлы сезім –МАХАББАТ тұр.
Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық.
Билет сатып алу
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Марапаттар жоқ