Асауға тұсау
Режиссерлар –
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дәурен СЕРҒАЗИН
«Асауға тұсау» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петруччио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа Кейіпкерлер мен орындаушылар: дің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі.
Жарасымды қалжыңымен баурап, көркемдік құдіретімен еліктіре түсер шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты. Оқиға көңілді музыка мен орындаушылардың пластикалық шеберліктерінің арқасында көркемдік тұрғыдан жаңа белеске көтерілді.
Марапаттар:
- С.Майқанованың 100 жылдығына арналған XXII Республикалық драма театрлар фестивалі (Қызылорда, 2014) «Ең үздік спектакль» – Гран-при
- Түркі халықтарының ХІІ «Наурыз» Халықаралық драма театрлар фестивалі
Арнайы диплом (Татарстан, Казань, 2015)
- Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан –Еуразия жүрегі» атты Орта Азия елдерінің VI Халықаралық фестивалі (Талдықорған, 2016)
І орын
- Қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі – 2017» халықаралық фестивалі (Түркістан, Шымкент, 2017)
«Ең үздік спектакль» – Гран-при жүлдесі
«Үздік әйел бейнесі» (актриса Айнұр Рахипова),
«Қойылымдағы ұтымды бейне» (актер Әділ Ахметов)
- VI Халықаралық «ART-ORDО» театр фестивалі (Бішкек, 2017) «Үздік режиссер»
Characters and performers
Astana Zhastar theatre
welcome
Awards
There are no awards