Асем Жазылбековна КУАНЫШБАЕВА
актриса.
Өмірбаяны
20 қыркүйек 1983 ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.
2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма және эстрадалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2006-2008 ж.ж. аталған оқу орнының «Кино және театр режиссері» бөлімінің магистратурасын бітірген.
2007ж. «Түрік әлемі» студиясында режиссердің көмекшісі.
2008ж. «На заре» қысқаметражды фильмі, «Во имя любви» толықметражды фильмі, Қазақстан ұлттық арнасындағы әлеуметтік роликтердің түсірілімі және CNL телеарнасында режиссер.
2009ж. «Город мечты» сериалының практиканты.
2010-2011 жж. VideoStill студиясында режиссердің көмекшісі, кастинг директоры.
2011ж. 24 kz арнасында режиссер.
2011 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театрдағы рольдер
«Ревизор»
«...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...»
«Тілеп–Сарықыз»
«Жасауыл»
«Чиполлино»
«Күйеу бала»
Фильмдегі рольдер
«Үзілмес үміт»
2018 ж. «Үзілмес үміт» /сериал/ - (режиссері – Е.Нұрмұхамбетов).Астана Жастар театры
қош келдіңіз