Ғ.Мүсірепов «ҚОЗЫ МЕН БАЯН»

Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 40 мин.

 

Қоюшы режиссер – 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ 

 

Балаларын атастырып, бел құда атанған екі достың бірі – Қарабай, кейін аңшылықта қайтыс болған досы Сарыбайға берген сертінен айнып шыға келеді. Жан дүниесі мал-мүлікке байланған ол, «қу жетімге қызымды бермеймін» деп, Баянды алып, басқа ауылға көш бұрады. Алайда, маңдайға біткен тағдырдан пенде біткен қашып құтылмаған. Арада бірнеше жыл өткенде бозбала Қозы мен бойжеткен Баян кенеттен кездесіп, бір көргеннен бір-біріне ғашық болады. Атастырылғандарын естіген қос ғашық, жолдарында кездескен қандай қиыншылықтарға төтеп берсе де, ажалға қарсы тұра алмады. Қара ниетті Жантықтың зұлымдығына ерген Қодар Қозыға  қанжар сұғып өлтірсе, бұл күйікке шыдай алмаған Баян өз-өзіне қол жұмсайды...

         Өткен ғасырлардан жеткен «Қозы мен Баян» махаббат дастаны Жастар театры сахнасында заманауи үлгіде жаңаша үн қатты.

Билет сатып алу

Кейіпкерлер мен орындаушылар

Рольдерде

Астана Жастар театры

қош келдіңіз

Жетістіктер

Марапаттар жоқ