Ж.Б.Мольер «ЖОРЖ ДАНДЕН НЕМЕСЕ АҚЫМАҚ БОЛҒАН БАСЫМ-АЙ...»
Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 20 мин.
Қоюшы режиссер –
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың әлеуметтік теңсіздігі тудырар қиындық қай кезде де өзектілігін жойған емес. Жан Батист Мольердің «Ақымақ болған басым-ай...» комедиясы – Жорж Данден есімді кейіпкердің отбасылық өмірдегі басынан кешкен осындай қиындықтарын ұтқыр әзілмен қызықты етіп өрген әсерлі шығарма. Қарапайым шаруа отбасынан шыққан жас жігіт ақылына көркі, еңбегіне мінезі сай ақсүйек қызға үйленуді армандайды. Бірақ, өкінішке қарай, өмірде армандағаныңның бәрі бірдей орындала бермейді. Амал жоқ, Данденге әйелінің көлеңкесінде ғұмыр кешуге тура келеді... Әлем драматургиясының алтын қорынан ойып орын алған комедия шытырман оқиға, қызықты сюжетінің арқасында сандаған ғасырлар бойы сахна төрінен түспей, өз көрерменін үздіксіз қуантып келеді.
Билет сатып алу
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Марапаттар жоқ