Н.Жақыпбай «ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ӘУЕН»

Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 40 мин.

 

Идея авторы және қоюшы режиссері –

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ 

 

Адам өмірінің ең бір аяулы шақтары мен көркем кездерінің тәтті естеліктері сағыныш болып жүрегіміздің түкпіріне жасырынған. Балалық кезге, өскен ортаға сағыныш, жастық шаққа, студенттік өмірге сағыныш, ғашық жанға сағыныш, алыстағы туғандарға сағыныш, тіпті өзің білмейтін, түсінбейтін беймәлім күйге, сұлулыққа сағыныш... тағысын тағы болып жалғасып кете береді.

Жастар театры ұжымының көңіл қатпарына жасырынған жан сыры да  аталған сағыныш мазмұнынан алыс кетпегенімен, жеткізу тәсілі бөлек. Иә, бұл ән бұрынғы әннен өзгерек... 

Сезімді жеткізер сөз таусылған сәттегі сағыныш күйін музыкадан іздеген театр туппасының көрерменін қуантар жаңалығы көп. Жүрек пернесін дөп басып, сезімді қозғар сырласу-ностальгия жанрындағы ғаламат кештің куәсі болыңыздар! 

 

Билет сатып алу

Кейіпкерлер мен орындаушылар

Рольдерде

Астана Жастар театры

қош келдіңіз

Жетістіктер

Марапаттар жоқ