W.Shakespeare «ХАНЗАДА» (HAMLET)
Спектакльдің жүру уақыты 1 сағ. 30 мин.
Қоюшы режиссері –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ
Трагедияның басты кейіпкері — корольдің жалғыз ұлы ханзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң, көп ұзамай анасының тақты иемденген туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді. Тосыннан болған мұндай қорқынышты оқиғалар оны әділетсіздіктер мен зұлымдықтар дүниесіне қарсы күреске шақырады. Әкесінің өлімі үшін кек алудан бөлек, ендігі жерде ол өзімен, өзіндегі қарама-қарсы, күрделі ойлармен, түсініктермен арпалысады.
«Өлмек пе, қалмақ па — ендігі сауал екі ұдай. Өмір, өлім — арпалыс...» деп аласұрған Гамлет жанының бұл күйі бүгін де өз көкейкестілігін кеміткен жоқ. Керісінше, адамзат өркениет биігіне бойлаған сайын адамның өзіне, қоғами қайшылықтарға қатысты қояр сауалы да көбейіп келеді. Жастар театры сахнасына жол тарқан айтулы классика Гамлет басындағы қайшылыққа толы күйді жаңа заман көзқарасы негізінде сараптайды. Сол арқылы күллі адамзаттық мәселелерді сөз етеді.
«Гамлет» – ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің әлем бойынша ең көп сахналанған шығармаларының бірі. Туындыда адам жанының сан түрлі мінезі ашылады. Қойылымның көрерменін ойлантар орайлы, ойлы тұстары мол.
Билет сатып алуКейіпкерлер мен орындаушылар
Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Марапаттар жоқ