Ш. Айтматов («Жан пида», «Жан азабы», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ақ кеме») О.Бөкей (Жетім бота) Р.Мұқанова (Мәңгілік бала бейне) «ЖАН ПИДА»
Спектакльдің жүру уақыты 2 сағ. 10 мин.
Қоюшы-режиссері –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ
Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым.
Жүректі жан үшін сол өлшеулі сәттің құны да, бағасы да теңдессіз. Әйтсе де өркениет өрістеп, құндылығы өзгерген бүгінгі біздің тым-тым қатыгездеу қоғамда адам жанына үңіліп, арман-мұңымен бөлісудің өзі қияметке айналып бара жатқаны жасырын емес.
Адам арманынан материалдық құндылығы басым түскен қоғамда кейде санаға сәуле құйып, ойға төңкеріс жасайтын шығармаға сұранады адам жаны. Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері туындысындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.Рухани құлдырау мен қағынан жеріген мәңгүрттердің әрқилы әрекетін,ұрпақ сабақтастығын сақтап қалу мен сол алтын көпірдің үзілмеуі мәселесінортаға салады. Табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді.
Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...
...Армысың, Ақ кеме! Ақ кеме! Бұл жүзіп келе жатқан– мен...Сенімен осылай қоштаса отырып, маған, сенің: «Армысың, ақ кеме! Бұл келіп тұрған мен ғой!» – деген сөзіңді қайталау ғана қалды...
...Ал пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады...
Билет сатып алу
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Астана Жастар театры
қош келдіңіз
Жетістіктер
Марапаттар жоқ